Табанды

Бұл АУДИОкітапта Джош Макдауэлл өзінің өмірі жайында ашық әңгімелеп береді. Ол жас кезінде Мәсіхтің Құдайлық болмысы туралы ілімді – ойдан шығарылған қиял екенін дәлелдеуге кіріседі. Осы мақсатпен ол сол замандағы оқиғалар туралы айтылған тарихи құжаттардың түпнұсқасын зерттеп, осы тақырыпты жақсы білетін адамдармен сұхбаттасады. Сөйтіп жүріп ол, ақыр соңында Мәсіхтің адал ізбасарына айналады...

Аңыздар мен шындық

Дүниежүзіне әйгілі мәсіхші, туындыгер Джош Макдауэлл және оның бірлескен туындыгері Боб Хоссетлер бұл кітапта - көпшілік жұрттың арасында кеңінен тараған Құдай, Киелі кітап және Мәсіхшілік туралы аңыздарды оңай және түсінікті етіп талқылайды. Әдеттегіден тыс, ерекше және тапқырлықпен жазылған бұл кітап - тек жасөспірімдерге ғана емес, сонымен бірге ересектерге де ұнайтыны шүбәсіз..