Өз Құдайыңды қалай таңдауға болады?


kudai.kzСіз Құдайды қандай деп ойлайсыз? Құдайды таңдау оңай емес. Кейбір діндер 300 000 құдай бар дейді. Екінші жағында құдайлар да, Құдай да жоқ дейтіндер бар. Осындай жағдайда өз шешіміңді қалай шығаруға болады? Сіз шешімді қалай қабылдайсыз? Джоан Осборн өзінің әйгілі өлеңінде мынадай сұрақ қояды: «Егер Құдай біз сияқты болса ше, үйіне кетіп бара жатқан автобустағы бейтаныс адам сияқты». Сіз Құдайды қандай деп ойлайсыз? Құдайды таңдау оңай емес. Кейбір діндер 300 000 құдай бар дейді. Екінші жағында құдайлар да, Құдай да жоқ дейтіндер бар. Осындай жағдайда өз шешіміңді қалай шығаруға болады? Сіз шешімді қалай қабылдайсыз? Төменде Құдайды іздегенімде көңіл аударған, сонымен қатар неліктен мен дәл осы Құдайды таңдағанымның себебі келтірілген факторлар келтірілген. Біз Құдай болып табыламыз ба? Адамзаттың ғаламат жетістіктерге қол жеткізгені сөзсіз. Бүгінгі күні бізде үлкен көлемді ақпарат бар, әрі бұрынғы кезден де осы ақпараттарға ие бола аламыз. Технологияның жоғарғы деңгейіне қол жеткізіп, бүгінгі күні біз ата-бабаларымыздан ұзағырақ өмір сүре аламыз, дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен ұша аламыз, компьютер клавиатурасы арқылы бүкіл әлемге кіре аламыз. Алайда, бір салада дамуға бағыт алып, басқа салаларда біз кейін қарай құлдырап бара жатырмыз. Келесі факторларға назар аударыңызшы: • 1960 жылдан бастап ауыр қылмыстардың саны 560% өсті.1 • Некеден тыс туылған нәрестелердің саны соңғы 30 жыл ішінде 419% өсті.2 • Ажырасулардың көрсеткіші үш есе өсті.3 • Балаларын тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналардың саны үш есе өсті.4 • Жасөспірімдердің өзіне қол жұмсау көрсеткіші 200% өсті.5 • АҚШ-та өтетін оқушылар емтиханының нәтижелері 80 ұпайға төмендеді (Scholastic Aptitude Test).6 • Бүкіл әлемде күнделікті 6000 адам АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырады.7 • Әрбір бесінші американдық жыныстық қатынас арқылы берілетін ауруға шалдыққан.8 • Жыл сайын өсімдіктер мен жануарлардың 100 түрі жойылып отырады.9 • 750 миллионға жуық адам тұрақты аштықты сезінеді.10 Өкінішке орай, осы тізімді жалғастыруға болады. Сонымен қатар, бүкіләлемдік жылуды, озон қабатының жұқаруын, бүкіл әлемде болып жатқан соғыстардың рекордты санын – осының бәрі ғылыми дамудың қызған шағында. Егер адамзат - Құдай болса, онда біз өз ісімізді жақсы жүргізіп жатқанымыз жоқ деген ой туындайды. Егер мен барлық нәрседе Құдайды тапқым келсе, онда Оны адамдардың арасынан емес, қайта тыстан іздеуім керек. №1: ҚҰДАЙДЫ АДАМЗАТТАН ТЫС ЖЕРДЕ ТАҢДА Құдай жәй күш қана болып табыла ма? Мүмкін, егер мен ажырасқан отбасының жемісі болдым десем, мені түсінерсіздер. Мен екіге толғанымда, менің ата-анам өмір бойымен екі бағытта кетті де, мен анаммен бірге қалдым. Ұзақ жылдар бойына мен әкемді білмедім. Ол елдің басқа бөлігінде тұрып жатты, мен онымен мүлдем көріспедім. Тоғыз жасқа толғанымда, мен жаз сайын оған келетін болдым. Бұл тамаша уақыт еді. Бірақ көз алдыңызға елестетіңізші, мен әкемнің қаласына келгенімде, адамдардың былай айтқанын естісем, бұл қаншалықты жаман болған болар еді: «Сенің әкең осында, бірақ сен оны көре алмайсың. Ол біздің айналамызда. Ол сыртқы күш сияқты. Сен онымен сөйлесе аласың, бірақ ол жауап бермейді, ол тіпті жауап бере алмайды да». Мен осындай әкені қаламас едім. Әрі осындай Құдайды да қаламас едім. Мен қарым-қатынас жасай алатын, сөйлесе алатын, Оны жақыннан танып-біле алатын, Одан көмек ала алатын Құдайды қалаймын. №2: ЖЕКЕ ДАРА ТАНЫП-БІЛУГЕ БОЛАТЫН ҚҰДАЙДЫ ТАҢДА Мені сүйетін Құдай бар ма? Сіз, мүмкін, біздің қалаулы және сүйікті болуды қалауымыз көп жағдайда бізідің әрекетімізді анықтайтынын жақсы білетін шығарсыз. Біз дұрыс киінуге тырысамыз, жақсы автокөлікті айдауға тырысамыз, жүз пайызға мінсіз көрінуге тырысамыз. Адамдармен қарым-қатынасымызда олардың бізді қабылдауы үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. Адамның негізгі мұқтаждығы бар: оны айналадағы адамдардың бағалауы. Өзіміздің ерекше екенімізді басқалардың байқағанын қалаймыз, бізден лайықты түрде байланысқанын қалаймыз. Мұның бәрі біз үшін маңызды, мұны әрдайым мойындай бермейміз де. Егер жеке дара танып-білуге болатын Құдай бар болса, онда осы Құдайға өзімнің немқұрайды болғанымды қалаймын. Мен мүсін жасап, оны «Құдай» деп атай аламын, бірақ осындай Құдай мені сүймейді. №3: ӨЗІҢЕ НЕМҚҰРАЙДЫ ҚАРАМАЙТЫН ҚҰДАЙДЫ ТАҢДА Құдайда жауапкершілік бар ма? Бірде колледжде оқып жүргенімде мен саусағымды қатты кесіп алдым. Жарам өте терең болды. Ауруханаға келгенімде, дәрігерлер жарамды тезірек тігуге тырысты, себебі мен өте көп қанымды жоғалттым. Мені алдымен кезекші медбике қабылдады, сосын дәрігердің көмекшісі, ал сосын дәрігердің өзі. Ол бірнеше ауырттырмайтын дәрі салды, сосын саусағымды тікті. Ауруханада осындай қалыптасқан жүйенің болғанына риза болдым. Егер ауруханада ешкім не істеу керектігін білмесе, менің саусағыммен не болатынын көз алдыма елестетудің өзі қорқынышты. Сонда бәрі де бақылауда болды. Дәл сол сияқты, мен де жоспары бар, әрі осы жоспарды жүзеге асыруға күші бар Құдайды қалаймын. Кез келген азаптардан, ауыртпашылықтар мен зұлымдықтардан шешім табатын, кез келген жағдайларда мені қорғайтын Құдайды қалаймын. №4: БАЛЫҚ НӘРСЕНІ БАҚЫЛАП ОТЫРАТЫН ҚҰДАЙДЫ ТАҢДА Құдай өмірді өзгерте ала ма? Өзіңіз жасауыңыз керек болған қандай да бір тапсырманы немесе жобаны есіңізге түсіріңізші. Соны орындағаныңызда, қанағат сезімін сезінген боларсыз. Сізді білмеймін, ал өз басым бүкіл өмірімнің мағыналы болғанын қалаймын. Мен өзімнен кейін адамзат үшін және әлемге қандай да бір үлес қалдырғым келеді. Мен өзімді осы жер бетіндегі өмірімде қолданғым келеді. Менде қанағаттандырылуы керек қандай да бір шөліркеу бар – бұл жер бетінің құндылықтарымен қанағаттана алмайтын шөліркеу (ақшалар, байлық, ләззат). Сондықтан, үлкен жоспары бар, әрі осы жоспардың ішінде өзіме де орын болатын Құдайды қалаймын, үлкен нәрсеге қол жеткізуіме көмек беретін, лайықты өмір сүруге жігерлендіретін Құдайды қалаймын. Мен сондай-ақ жаным аңсайтын қанағатты беретін Құдайды қалаймын.